{metadescription}
2023 жылдан бастап мұнай өңдеудің жаңа жүйесі іске асырылмақ

2023 жылдан бастап мұнай өңдеудің жаңа жүйесі іске асырылмақ

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов жанар-жағармай мәселесіне қатысты министрліктерге тапсырмалар берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Энергетика министрлігі мен Цифрлық даму министрлігіне 15-қыркүйектен бастап жанармай құю станцияларында жіберілген жанар-жағармайды есепке алудың цифрлық жүйесін енгізуді тапсырамын. Екіншіден, Ауыл шаруашылығы министрлігі осы жылдың соңына дейін ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін жеңілдікпен дизель отынын бөлу жүйесін енгізуді қамтамасыз етсін», - деді Ә. Смайылов.

Сонымен қатар Үкімет басшысы 2023 жылдан бастап Энергетика министрлігі мұнайды өңдеудің жаңа жүйесіне көшуді іске асыруы тиіс екенін айтты. Бұл жүйе мұнай өнімдерін сату кезінде қажетсіз делдалдардың қатысуына жол бермеу керек.

«Энергетика министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңірлерде тұтынушыларды сұйытылған газбен толық қамтамасыз етуі қажет», - деді Премьер-Министр.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде