Доллардың ресми бағамы айтылды
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсіп жатыр.
18:16 31.10.2022
Күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа сараланған бағамы 0,95 теңгеге көтеріліп, 468,35 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 29-31 қазандағы ресми бағамы - 467,00 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу бағамы – 467,90 теңге, сату – 472,05 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 467,26 теңгеден сатып алынып, 470,73 теңгеден сатылып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!