Алексей Цой Президент Іс Басқармасы медицина орталығының басшысы болды
Бүгін ҚР Президенті Іс Басқарушысының бұйрығымен Алексей Цой ҚР Президенті Іс Басқармасының медицина орталығының басшысы болып тағайындалды.
Фото: gov.kz
17:49 31.10.2022
Алексей Цой Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік академиясын бітірген. Медицина ғылымдарының докторы, медицинадағы іскерлік әкімшілендіру докторы.
Ол бұған дейін дәрігер-эндоскопист, «Еуроазиялық респираторлық қоғам» қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы, ҚР Президенті Іс Басқармасы медицина орталығының бастығы, Астана қаласы № 1 қалалық ауруханасының бас дәрігері, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, ҚР денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды.
Сондай-ақ, бүгін Рустам Албаев ҚР Президенті Іс Басқармасының медицина орталығы ауруханасының директоры болып тағайындалды.
Рустам Албаев - Ақмола мемлекеттік медицина академиясының түлегі. Медицина ғылымдарының кандидаты, медицинадағы іскерлік әкімшілендіру магистрі, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты.
Ол бұрын қалалық ауруханаларда дәрігер-хирург, дәрігер-кардиохирург болып істеді, төтенше жағдай кезінде Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болды.
ҚР ПІБ медицина орталығының емдеу-алдын алу көмегін ұйымдастыру басқармасының басшысы, ҚР ПІБ Іс Басқармасының медицина мәселелері жөніндегі бас инспекторы, ҚР ПІБ медицина орталығының орталық клиникалық ауруханасының директоры қызметін атқарды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!