{metadescription}
Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды

Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды

Павлодар облысының Екібастұз қаласында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында қала әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім болды.

«Азаматтық қорғау туралы заңның 48-бабына сәйкес Екібастұз қаласының аумағында жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізіледі» делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, 17 көпқабатты тұрғын үй, бес әлеуметтік және 21 заңды нысан әлі де жылусыз отыр.

Осыған дейін Екібастұз ЖЭО-сында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалғанын жазған едік.

Кейінірек жылу қазандығының істен шығуына байланысты облыс әкімі бастаған жедел штабқұрылды.

Бүгін Екібастұз қаласының оқушылары онлайн оқитыны хабарланды. Қала әкімінің айтуынша, 3 шағынауданға әлі жылу берілген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде