Жетісу облысында жол апатынан бес адам көз жұмды
Алматы – Өскемен тас жолының 187 шақырымында бес көлік соқтығысты.
09:15 28.11.2022
Ведомствоның мәліметінше, жол апаты 26 қараша күні кешке Көксу ауданында болған. Volvo жүк көлігі мен Lexus 570, Nissan Cefiro, Toyota Camry және Volkswagen Passat көліктері соқтығысты.
"Оқиға орнында 4 адам қаза тапты. Сондай-ақ жарақат алған бірнеше адам медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Кейінірек дәрігерлер ауруханаға жатқызу кезінде тағы бір адамның қайтыс болғанын хабарлады. Ол оқиға орнынан Сарыөзек ауылындағы ауруханаға жеткізілмек болған 7 жасар бала болып шықты.
"Қазір алты адам аудандық ауруханаға жатқызылды, оның бесеуі жансақтау бөлімінде. Жеңілдеу жарақат алған үш науқас амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. Науқастардың барлығының сүйегі сынған, көп жарақат алған", - деп хабарлады Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.
Жол апаты дерегі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!