Түркістанда көлікте есірткі тұтынған жүргізуші видеоға түсіп қалды
Түркістанда көлікте есірткі тұтынған жүргізушінің әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: Видеодан алынған кадр/facebook.com/Түркістан облысының ПД
08:31 02.01.2023
Түркістан қалалық полиция басқармасына қарасты жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнекамералар арқылы көшелердің бірінде өзін күмәнді ұстап, белгісіз затты пайдаланып отырған «КИА» маркалы көліктің жүргізушісін байқаған. Содан мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына патрульдік полиция инспекторларын жіберген.
Тексеру кезінде тәртіп сақшылары күдіктіден есірткіге ұқсас заты бар полиэтилен пакетін тапты. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді.
«Бұл оқиғаҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»-делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!