{metadescription}
Мүмкіндігі шектеулі жандар әлеуметтік төлем алуға өтінішті онлайн бере алады

Мүмкіндігі шектеулі жандар әлеуметтік төлем алуға өтінішті онлайн бере алады

EGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасында мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша жаңа қызмет іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Енді мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік төлем алуға өтініш беру үшін көптеген анықтамаларды жинаудың қажеті болмайды.

Жаңа қызметтің ыңғайлылығы мен артықшылығы - қызметті онлайн алған кезде өтініш беруші туралы барлық деректер мемлекеттік органдардың дерекқорынан автоматты түрде тартылады. Деректерді дұрыс енгізген жағдайда өтініш берушіні растайтын ақпарат экранда көрсетіледі.

Бұған дейін осындай қызмет тек ХҚКО-ларда және медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшелерінде қағаз түрінде көрсетілген, бұл процесс көп уақыт алып, жәрдемақыларды ресімдеу кезінде қолайсыздықтар туғызды.

«ҰАТ» АҚ командасы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қажетті және сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша жұмысты жалғастыруда. Бұрын еңбекке жарамсыздық бойынша төлемдерді алу үшін анықтамаларды қағаз түрінде ұсыну керек болатын, қазір қызметті алу процесі жеңілдетілді, пайдаланушыға өз деректерінің дұрыстығын тексеріп, қызметке қол қою жеткілікті. Барлық қажетті ақпарат мемлекеттік органдардың дерекқорынан автоматты түрде тартылады»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростисалав Коняшкин.

«Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» жаңа қызметін пайдалану үшін eGov.kz порталы арқылы пайдаланушылар:

- eGov.kz порталында авторизациядан өту керек;

- басты бетте «Азаматтарға» - «Әлеуметтік қамтамасыз ету» - «Мүгедек адамдарды қолдау» өту керек;

- «Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» қызметін таңдайды;

- онлайн қызметке тапсырыс береді;

- ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қойып, қызметті онлайн алады.

Қызмет 8 жұмыс күні ішінде жүзеге асады.

Сонымен қатар, дәл осы қызмет eGov mobile мобильді қосымшасында «Жеңілдіктер, жәрдемақылар және зейнетақылар» бөлімінде қолжетімді. Қызметтің нәтижесі eGov Mobile қосымшасының хабарламалар бөлімінде ұсынылады.

Жаңа қызмет ҚР ЦДИАӨМ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлескен жұмысының арқасында жүзеге асты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде