Теміртауда жеңіл көлік төрт адамды қағып кеткен
Теміртауда жеңіл көлік жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан төрт адамды қағып кетті. Бір адам ауруханаға жеткізілді.
Фото: Видеодан алынған кадр
13:35 02.01.2023
Оқиға 31 желтоқсанда сағат 19:20-да болған. «ВАЗ 2114» автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі Абай көшесімен Б. Момышұлы даңғылына қарай жүріп бара жатып, жаяу жүргіншілер өткелінде төрт адамды қағып кеткен.
«Апат салдарынан 54 жастағы жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді.
Факт полицияда тіркелді және тиісті сараптамалар тағайындалды ,олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Қалған үш адам медициналық көмектен бас тартқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!