{metadescription}

Атырау облысында жол апатынан екі жолаушы көз жұмды

Атырау облысында екі көлік соқтығысып, жол апатынан екі жолаушы көз жұмды.

Жол-көлік оқиғасы бүгін, 2 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат 11:50 шамасында болған.

«Атырау облысының аумағымен өтетін «Доссор-Бейнеу» тас жолының 147-шақырымы тұсында екі көлік соқтығысты. Көліктің бірі – Priora, екіншісі – Toyota Alphard. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Priora» автокөлігіндегі 2021 және 1985 жылғы жолаушылар оқиға орнында қаза тапты», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір полиция қызметкерлері аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті іс-құжаттар жинақтап жатыр.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерлан Биғамбаевтың дерегіне қарағанда, былтырғы 11 айда облыс аумағында 326 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Жол апатынан 391 адам жарақат алған, 89 жолаушы жантәсілім еткен.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.