Алматыдан 327 км қашықтықта жер сілкінді
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалқ станциялар желісі бүгін сағат 06.49-да жер сілкінісін тіркеді.
08:24 03.01.2023
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 327 км қашықтықта Қытай аумағында орналасты.
Энергетикалық санаты – 9,4. MPV магнитудасы – 4,0. Тереңдігі – 5 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәлімет түскен жоқ.
Еске салайық, өткен желтоқсан айында Алматы маңайында бірнеше рет жер сілкінісі тіркелген болатын. Ал 28 қаңтар күні сағат 23:17-де болған дүмпуді Алматы қаласының тұрғындары сезінді. Қуаты - 2-3 балл. «Зақым болған немесе қираған жағдайлар байқалған жоқ, ахуал тұрақты. «112» және «101» жүйелеріне тұрғындардан қоңырау түскен жоқ...», - делінген таратылған хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!