Түркістан облысында қар құрсауында қалып қойған 14 жолаушы құтқарылды
Түркістан облысында қар құрсауында қалып қойған 14 жолаушы құтқарылды.
Фото: Игорь Чёрный, MagadanMedia
16:37 03.01.2023
Төлеби ауданындағы Көксәйек-Нысанбек тас жолының 7-шақырымында 14 адам қар құрсауында қалып қойған. Оның ішінде 4 бала бар. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жолаушыларды қауіпсіз жерге алып шығып, алғашқы көмек көрсетті. Сондай-ақ, қар ішінде қалып қойған 7 автокөлікті жол жиегіне алып шықты.
«Төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жолаушылар Көксәйек ауылындағы №16 Өрт сөндіру бекетіне жеткізілді. Қазіргі кезде «Оңтүстік жолдары» МКҚ-нің 3 қызметкері мен 2 техникасы жолдарды тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр», - делінген Түркістан облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!