{metadescription}

Алматы облысында жоғалып кеткен отбасы мүшелері табылды

Алматы облысында жоғалып кеткен отбасы мүшелері аман-есен табылды.

Бұл туралы ТЖМ хабарлайды.

«Республикалық жедел-құтқару жасағы тобының және Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағының күшімен Бартоғай су қоймасы жағынан Фесенков атындағы Астрофизика институтының обсерваториясына жетпей 40-қа жуық автомашина табылды. Адамдардың саны анықталуда, алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ. Жоғалып кеткен 7 адамнан тұратын отбасы да сол жерде екен. Көбінің машинасында жанармай таусылып қалған. Қазіргі уақытта құтқарушылардың күшімен автокөліктерге жанармай құю және адамдарды машиналарымен колонна арқылы эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бүгін таңертең Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөлімі пультіне отбасының жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті. Сонымен қатар жоғалып кеткен отбасын іздеу жұмыстары күшейтілген еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде