{metadescription}

Семей маңында көлігі жолда тұрып қалған 5 адам құтқарылды

Привольное ауылынан Семей қаласына қарай 5 км жерде «Лада» маркалы автокөлік жол жиегіне шығып кеткені туралы ақпаратты учаскелік полиция хабарлады.

Салонда 5 адам отырған. Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлер бригадасы көліктің есігін ашып, айналасын қардан тазартып, 5 жолаушыны эвакуациялады.

Алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жарақатының бар-жоғын тексергеннен кейін жолаушылар жергілікті мешітке орналастырылып, оларға көрпе және ыстық шай берді.

ШҚО ТЖД құтқарушылары ауа райына байланысты ескерту туралы алдын ала хабардар етті.

«ШҚО ТЖД қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады. Ауа райына байланысты ескерту кезінде тәуекелге барып, елді мекендерден тыс жерлерге шықпаңыз. Ауа-райы туралы ақпаратты «Дәрмен» мобильді қосымшасынан алуға болады. Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет»,-делінген ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде