Фонограммамен ән айтуға тыйым салынды
Қырғызстанда 2023 жылдың қаңтарынан бастап фонограммамен ән айтуға тыйым салынды.
Фото: ашық дереккөзден
17:40 04.01.2023
Тиісті бұйрыққа Қырғызстан Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі қол қойды.
Құжатта барлық мемлекеттік мәдени-ағарту мекемелері, атап айтқанда, театр, спорт мекемелері, филармония, концерттік зал, кинотеатр, клуб, мұражайлар, министрлік қарамағындағы кітапханаларда өткізілетін концерттердегі вокалдық қойылымдардың барлығында жанды дауыспен өнер көрсету керектігі айтылған.
Бұйрық 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Оның орындалуына жауапкершілік осы мекемелердің басшыларына жүктеледі. Бұйрықтың орындалуын министр қадағалайтын болады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!