{metadescription}
«Алматы - Өскемен» тас жолында қалған 50 адам әскери техникамен эвакуацияланды

«Алматы - Өскемен» тас жолында қалған 50 адам әскери техникамен эвакуацияланды

Қарулы күштердің «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері жолдарды тазартуға және ауа райының қолайсыздығынан жолда тұрып қалған жүргізушілер мен жолаушыларға көмек көрсетуге тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Желдің күрт күшеюі мен қатты боранның салдары шығыс аймақтағы республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарда қиын жағдай туғызды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық құтқару бөлімшесіне Аягөз гарнизонындағы танкистер құрамасы мен инженерлік-саперлік батальонның әскери қызметшілері көмекке келді.

«Алматы - Өскемен» тас жолының 40 шақырымында броньды танк қызметінің бастығы майор Ержан Быжкеевтің басшылығымен әскери қызметшілер қар құрсауында қалған 50 адам мен 10 шақты автокөлікті арнайы техникамен эвакуациялады. Олардың барлығы Аягөз қаласына жеткізілді.

Құтқару жұмыстарына қазіргі уақытта бес әскери техника жұмылдырылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде