{metadescription}
FTX криптовалюта биржасының негізін қалаушы 100 жылға түрмеге қамалуы мүмкін

FTX криптовалюта биржасының негізін қалаушы 100 жылға түрмеге қамалуы мүмкін

Банкротқа ұшыраған FTX криптовалюта биржасының негізін қалаушы Сэм Бэнкман-Фрид Нью-Йорк сотында өзіне тағылған айыпты мойындамады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол биржа клиенттерінің депозитіндегі миллиондаған долларды өзінің Alameda Research хедж-фондына, жылжымайтын мүлік және басқа да инвестиция сатып алуға заңсыз жұмсады деп айыпталған.

Бэнкман-Фрид желтоқсанда Багам аралдарында ұсталды да Нью-Йоркқа экстрадацияланып, сонда сот алдында жауап берді.

Оған алаяқтық пен ақша жымқыруға қатысты бірнеше айып тағылған. Бұл іс Америка тарихындағы ең ірі қаржы қылмыстарының бірі деп бағаланып отыр.

Сот бұған дейін Берни Мэдофф (қаржы пирамидасын ұйымдастырушы) төлеген 10 млн долларлық ең үлкен кепілден 25 есеге көп кепілді төлеуге келісті.

Төрт адам – ата-анасы мен туысын қосқанда, оған кепіл болды.

Оны айыпты деп тапса, 100 жылдан аса уақытқа түрмеге қамалуы мүмкін.

Федералды прокурорлар мен тергеушілер оны криптосауда платформасын өзінің жеке өмірін қаржыландыруға пайдаланды деп мәлімдеді.

Ол инвесторларды олардың активтерін жеке компаниясына пайдалану үшін тартып, миллиардтарымен бөлісуге көндірген.

Оның алаяқтық схемасы қараша айында, FTX банкрот деп жариялауға өтініш жібергенде ашылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде