Зерендідегі тау шаңғысы базасында 16 жасар жасөспірім қайтыс болды
Зерендідегі тау шаңғысы базасында астаналық 16 жасар жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: instagram.com/sinegor.kz
10:37 05.01.2023
Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы қаңтардың 2-сінде сағат 17:25-те Зеренді аудандық ПБ кезекші бөліміне шаңғы базасының менеджері хабарласып, Садовое ауылынан 10 км қашықтықта шаңғы жолында Астана қаласының 2006 жылғы тұрғыны қайтыс болғандығын айтқан.
«Анықталғандай, жасөспірім ата-анасымен бірге шаңғы базасына демалуға келген. Шаңғы жолымен төмен сырғанап бара жатқан жасөспірім ағашқа соғылып, сол жерде көз жұмған. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 306-бабы бойынша («Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету») сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, Ақмола облысында тәртіп сақшылары 30-дан астам көліктен тұратын колоннаны діттеген жеріне жеткізді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!