{metadescription}
Қаңтар оқиғасының хронологиясы толығымен қалпына келтірілді - Бас прокурор

Қаңтар оқиғасының хронологиясы толығымен қалпына келтірілді - Бас прокурор

Қаңтар оқиғасының хронологиясы толығымен қалпына келтірілді, - деп хабарлайды Бас прокурор Берік Асылов Мәжілісте өткен жиында.

Бүгін 5-қаңтардағы тәртіпсіздіктер болғанына жыл болды.Осыған орай Мәжілісте жалпы отырыс өтіп жатыр.

«Қаңтар оқиғасының хронологиясы толығымен қалпына келтірілді, қаза болғандардың жеке басы анықталды, қаруды іздеу жалғасуда. Біз азаптау істерін аяқтап жатырмыз», - деді Бас прокурор.

Оның айтуынша, тергеу органдары тәртіпсіздікті ұйымдастырушылардың барлығын анықтаған. Олардың арасында жоғары лауазымды тұлғалар мен ұйымдасқан қылмыстық топтардың жетекшілері де бар.

Мәжіліс отырысы қаза болған қазақстандықтарды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Қаңтар оқиғасы кезінде олардың саны 238 болды. Олардың арасында бейбіт тұрғындар, тәртіп сақшылары мен қарақшылар бар.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.