{metadescription}
ШҚО-да боранда қалғандар үшін қауырт желі іске қосылды

ШҚО-да боранда қалғандар үшін қауырт желі іске қосылды

Шығыс Қазақстан облысында боранда қалғандар үшін қауырт желі іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа-райының қолайсыздығы, нақты айтқанда боран мен көктайғақ салдарынан жолда қалған азаматтарға көмек көрсету мақсатында жедел штаб құрылды.

- Тұрғындар үшін 8 (7232) 55-38-19 нөмірі бойынша қауырт желі іске қосылды. Қазіргі уақытта облыста 10 жылыту пункті жұмыс істеп тұр, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында 8 жол әлі жабық. Олар:

1.​ Предгорное - Шемонаиха – РФ шекарасы

2.​ ​Герасимовка.-Семей

3.​ ​ Қалбатау-Қайсенов

4.​ ​ Тарғын-Самар

5.​ ​ ​ Абай облысының шекарасы-Шемонаиха

6.​ ​ ​ Шемонаиха-Секисовка

7.​ ​ ​ Шемонаиха -Үлкен өзен​ ​

8.​ ​ ​Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде