Ерлан Қарин: «Президентіміздің бастамасымен елімізде қарқынды және жан-жақты жаңғырту үрдісі басталды»
Төңкеріс азаматтардың ынтымағы мен Президенттің батыл іс-әрекетінің арқасында ғана сәтсіз аяқталды, деп мәлімдеді Ерлан Қарин Telegram-арнасында.
Фото: akorda.kz
14:40 05.01.2023
«Бір жыл бұрын қайғылы қаңтар оқиғасы болды. Бұл күндері бастапқыда бейбіт шерулерді реакциялық күштер пайдаланып, тәртіпсіздіктер туғызып, мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді. Олардың басты мақсаты — болып жатқан қайта құруларды кері қайтарып, ескі тәртіпті сақтау болды.
Біздің еліміз сол кезде хаос пен анархияға түсіп кетудің нақты қаупіне тап болды. Есеп, шын мәнінде бірнеше минут қана еді. Артық айтылған емес, бар мәселе мемлекеттігіміздің сақталуы еді. Төңкеріс азаматтардың ынтымағы мен Президенттің батыл іс-әрекетінің арқасында ғана сәтсіз аяқталды. Біз ұлттық апаттың алдын алып, жағдайды тұрақтандыруға қол жеткіздік.
Мұндай дағдарыстарды бастан өткерген мемлекеттердің билігі, әдетте, жағдайды жылы жауып қойып, саяси жүйені тұмшалап немесе қарапайым тілмен айтқанда, «қатты қысып бұрап тастауға» тырысады.
Елімізде ырықтандыру мен демократияландыруға бағытталған қозғалыс тоқтатылмады, тіпті жылдамдатылды.
Президентіміздің бастамасымен елімізде қарқынды және жан-жақты жаңғырту үрдісі басталды.Мемлекет басшысының стратегиялық бағыты қоғамда кеңінен қолдауға ие болды, мұны конституциялық референдум мен кезектен тыс президентті сайлаудың нәтижесі дәлелдейді.
Енді біздің алдымызда қоғам бірлігін сақтай отырып, жоспарланған реформалар жоспарын толық жүзеге асыру міндеті тұр», - деді Ерлан Қарин.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!