{metadescription}
ШҚО-да Қаңтар оқиғасында қаза болған әскерилерге құрмет көрсетілді

ШҚО-да Қаңтар оқиғасында қаза болған әскерилерге құрмет көрсетілді

ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері Қаңтар оқиғасында қаза болған әскерилерді еске алды.

ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық әскери бөлімде «Мәңгілік сапта» атты бір күндік еске алу шарасы өтті. Ұландықтар Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған әскерилер мен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне құрмет көрсетіп, бір минут үнсіздік жариялады.

Осыдан бір жыл бұрын Ұлттық ұланның қос сарбазы Мадияр Қайсаров пен Айбат Аманов жаппай тәртіпсіздік кезінде өздерінің жауынгерлік міндеттерін орындау барысында көз жұмған болатын. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасының жеке құрамы алдында сөз сөйлеген ҰҰ Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов әскерилердің өз міндетін орындауға қашанда дайын болу керектігін айтты.

«Былтыр дәл осы күні халқымыздың басына түскен қиын-қыстау кезеңде Ұлттық ұлан қызметкерлері өздерінің табандылығы мен қайсарлықтарының арқасында тайсалмас беріктігін көрсете білді. Біз әр әскерилер өзіміздің жауынгерлік міндетімізді орындауға қашанда дайын болуымыз керек! Ол үшін әрқайсыңыз батыл әрі табанды, жұртымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында өзін құрбан етуге әзір болуы тиіс!», - деді ол.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.