{metadescription}
Алматылықтар «Тағзым» мемориалына гүл шоқтарын қойды

Алматылықтар «Тағзым» мемориалына гүл шоқтарын қойды

Қала тұрғындары қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандарды еске алып, «Тағзым» мемориалына гүл шоқтарын қойды.

Шараға қала басшысы, қоғам қайраткерлері мен алматылықтар қатысты.

Дін қызметкерлері марқұмдардың рухына құран бағыштап, бейбітшілік пен келісімнің маңызы туралы уағыз айтты. Жиналғандарға мешіттердегі асқа бару үшін көлік дайындалды. Бүгін қала мешіттерінде құрбандық шалынып жатыр.

Сонымен қатар, Алматы әкімі Ерболат Досаев, қоғам қайраткерлері мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандарға Алматының орталық мешітінде құран бағыштап, құрбан шалды.

Айта кетейік, 23 желтоқсан күні Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында, қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалының ашылу рәсіміне қатысқан болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.