Доллар тағы қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
16:35 05.01.2023
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,52 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 465, 93 теңге.
Ал, Рессей валютасы 6, 35 теңге болды.
Ұлттық банктің 5 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 465, 39 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны - 6,53 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 466 теңге, сатып алу – 470 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 465,8 теңгеден болса, сатып алу құны – 468,8 теңге.
Ресей рублі 6,3 - 6, 35 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!