{metadescription}
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 5 қаңтарда облыстық маңызы бар «Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік» тасжолының учаскесінде қар көшкіні жүрді.

Жалпы көлемі 600 текше метр қар түскен.

«Аталған жол көшкін қаупіне орай алдын ала жабылған болатын. Қазіргі уақытта учаскені техника тазартып жүр. Содан кейін де жол жабық күйінде қалады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сонымен қатар бүгін «Өскемен-Алтай» тасжолында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілген.

Барлығы 4 рет жарылыс жасалып, 8200 текше метр қар түсті.

Айта кетейік, өңірдегі таулы жерлерде 8 қаңтарға дейін қар көшкіні жүру қаупі сақталады.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде