{metadescription}

Абай облысындағы «Аягөз-Үржар» тасжолынан 60 адам эвакуацияланды

Абай облысындағы «Аягөз-Үржар» тасжолының 40 шақырымында жолда қалған 60 адам эвакуацияланды.

Облыстық nөтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, «112» қызметіне Аягөз ауданындағы «Аягөз-Үржар» тасжолының 40 шақырымында жолда қалған азаматтардан хабар түсті.

Сол жерде 60 адам болған.

«№13 өрт сөндіру бөлімінен 4 адам «Вахта» өтімділігі жоғары техникамен дереу оқиға орнына келіп жетті. Сондай-ақ 10810 әскери бөлімінің әскери қызметшілері де жолға шықты. Жолда қалғандардың барлығы қауіпсіз жерге көшірілді», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ Үржар ауданы ТЖБ қызметкерлері қар құрсауында қалған 10 көлікті «Алматы-Өскемен» тасжолының 92 шақырымына шығарды.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде