{metadescription}
Алматыда сырғанақ тепкен 4 бала ауыр жарақат алды

Алматыда сырғанақ тепкен 4 бала ауыр жарақат алды

Дәрігерлер алматылықтарды демалыста қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Жаңа жылдық мереке күндері Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына 14 жасар екі бала, 16 және 6 жастағы барлығы төрт бала түсті.

Төбешіктен жоғары жылдамдықпен сырғанап келе жатқан алты жасар бала басқа баламен соғылып қалған.

«Салдарынан кішкентай бала жабық бас сүйек-ми жарақатын алып, сол төбе сүйегінің желісі сынды. Жазық эпидуралды гематома диагнозы қойылды. Қазіргі кезде бала жансақтау бөлімінде жатыр», - дейді Алматы қаласы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы травматология бөлімшесінің меңгерушісі Бақыт Қожаханов.

Мұз айдынында ауыр жарақат алған 14 жастағы қыз қарқынды терапия бөліміне жатқызылды, жағдайы тұрақтанғаннан кейін мамандандырылған бөлімшеге ауыстырылды.

«Мұз айдынында бортпен соқтығысу салдарынан жасөспірімнің көкбауыры жарылып, ішіне қан кетіп, іші тұйық жарақат алған. Ота жасалды, қазір баланың жағдайы тұрақты, бөлімшеде бақылауда жатыр. Ата-аналарға спорттың кез келген түрі және ашық ауада өткізілетін іс-шаралар кезінде қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтау керек екенін ескертемін», - дейді дәрігер хирургия бөлімшесінің менгерушісі Ерлан Жүсіпбеков.

Мұз айдынында жарақат алған тағы бір науқас 16 жасар қыз ауруханада жатыр. Дәрігерлер балаға жабық бассүйек-ми жарақаты, ми шайқалу, төбе аймағы жұмсақ тіндерінің соғылуы диагнозын қойды. Бойжеткен жансақтау бөліміне жатқызылды, кейін нейрохирургия бөлімшесіне ауыстырылды.

Сондай-ақ 3 қаңтарда 14 жастағы жасөспірім Орталыққа жатқызылды, ол Шымбұлақ тау шаңғысы курортынан жеткізілді. Аңғырт сырғанау нәтижесінде балада жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, төбе аймағының соғылуы анықталды.

«Балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығы басты басымдық болып қалуы керек. Балаға шаңғымен сырғанауға рұқсат бермес бұрын, жабдықтың толық жиынтығына көңіл бөлу керек, баланың қорғаныс дулығасы болуы керек. Үлкен қарлы төбешіктер - біздің мұң: мұнда жарақат алу мүмкіндігі өте жоғары, балалар өмір сүру сапасына әсер ететін ауыр жарақаттар алады. Біз балалардың денсаулығы мен өмірін бірге сақтауға шақырамыз», - деп қосты нейрохирургия бөлімшесінің менгерушісі Мұхтар Ибрагимов.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде