{metadescription}
Мұзда балық аулағанда қауіпті жерлерді қалай анықтауға болады

Мұзда балық аулағанда қауіпті жерлерді қалай анықтауға болады

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары мұзда балық аулағанда қауіпті жерлерді қалай анықтауға болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қыста балық аулауға барғанда ең бірінші асықпау керек.

«Қалыңдығы кемінде 10 см мұзға шығыңыз. Ал жеңіл автокөлікпен жүргенде мұз қалыңдығы 30 см-дан асуы қажет. Мұз боп қатқан су қоймасының үстіндегі қауіпті жерлерді анықтаудың бірқатар жолы бар. Атап айтқанда:

- қалың қар қабатымен жабылған жерлер;

- бұлақтары бар учаскелер;

- жер бетіне шығатын бұталары, шөптері бар учаскелер;

- ағынды сулар құятын жерлерде мұз жұқа болады», - дейді құтқарушылар.

Мұз үстінде балық аулау өте қауіпті. Балалар және мұз үстінде көлікпен келе жатқанда маршрутты қысқартқысы келетіндер жиі мұз астына құлап жатады.

«Шығыс Қазақстанда мұздағы оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында құтқарушылар, еріктілер және полицейлер бірлесіп, су айдындарында 486 патрульдеу жүргізді. Тұрғындарға 355 нұсқама өткізіліп, 4522 үгіт-насихат жадынамасы таратылды. Өңір бойынша су айдындарында 18 ескерту және тыйым салу белгісі орнатылған», - дейді облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Руслан Орынбеков.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.