{metadescription}
ШҚО-да боранда қалған 12 ресейлік эвакуацияланды

ШҚО-да боранда қалған 12 ресейлік эвакуацияланды

Шығыс Қазақстан облысында боранда қалған 12 ресейлік эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, республикалық маңызы бар «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» тасжолының Шемонаиха ауданындағы учаскесінде ақтүтек боран салдарынан 12 адам жолда қалған.

«Хабар түсе салысымен оларға көмекке жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жол талғамайтын «ТРЭКОЛ» автокөлігімен келіп жетті. 12 ресейлік, оның ішінде 2 бала қауіпсіз жерге көшірілді», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта шетелдіктер Шемонаиха қаласындағы қонақ үйге орналастырылды. Онда жергілікті атқарушы органдар ыстық тамақпен қамтамасыз етті.

Осы сәтте өңірде 15 тасжол жабық күйінде қалып отыр. Құтқарушылар азаматтардан ауа-райы тұрақтанғанша алыс сапарға шықпау қажеттігін ескертеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.