{metadescription}
АҚШ: Калифорния халқының 90 пайызына су басу қаупі төніп тұр

АҚШ: Калифорния халқының 90 пайызына су басу қаупі төніп тұр

Калифорнияның 35 миллионға жуық тұрғыны немесе халқының 90 пайызына су басу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Калифорнияға күшті дауыл жақындауына байланысты шенеуніктер жағалаудағы қауіпті аймақ тұрғындарын эвакуациялауға бұйрық берді. 2018 жылы мұнда көшкін салдарынан 23 адам қаза тапқан еді.

Губернатор Гэвин Ньюсом төтенше жағдай жариялады. Оның айтуынша, бұл табиғи апатқа дайындалу және салдарын жоюға көмектесуі тиіс. Шамамен 35 млн адам немесе Калифорния халқының 90%-ына су тасқыны қаупі төніп тұр.

Қазіргі кезде 180 мыңға жуық үй мен кәсіпорын жарықсыз қалды.

Жаңбыр салдарынан Сан-Франциско халықаралық әуежайында 60-тан астам рейст тоқтатылды.

АҚШ-тың кейбір штаттары боранмен күресуде. Бұған дейін АҚШ пен Канадада қарлы боран салдарынан 56 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.