«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі 2 айға ұзартылды
«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
11:46 06.01.2023
«Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды», - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
Еске салайық, былтыр 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің «беделдісі» Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.
Кейін ҚР Бас прокуратурасы «Дикий Арманның» Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторындаотырғанын жеткізді.
Бас прокурор Берік Асылов кеше Мәжіліс отырысында мәлім еткендей, тергеу версиясы бойынша Алматыда Жұмагелдиев (лақап аты «Дикий Арман») ерекше рөл атқарған», оның әрекетін ҰҚК-дегі кураторы үйлестіргені анықталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!