Қазақстанға есірткі әкелгендер ұсталды - ҰҚК
Петропавл қаласында есірткі қылмысына қатысты топтың көмекшілері ұсталып, 5,5 тоннаға жуық апиын түрі алынды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
Фото: ҰҚК баспасөз қызметінен
15:18 06.01.2023
ҰҚК мәліметінше, күдіктілер жедел зерделеу жұмысының нәтижесінде ұсталған.
Осы операцияның екінші кезеңі барысында Өскемен қаласында 1 тонна көкнәр шикізатын алу үстінде есірткі курьері ұсталған. Дәл осы уақытта, Қарағанды қаласында жалға алған қоймаларда 10 тоннадан аса есірткі шикізатын сақтап келген есірткі қылмысына қатысты топтың ұйымдастырушылары ұсталды.
Бұған қоса тінту шаралары барысында есірткі қылмысына қатысты топ қатысушыларынан жарақаттаушы және суық қару, сонымен қатар, ірі көлемде ақшалай заттар табылып, алынды.
Алдын ала тергеу бойынша, апиын тамақ өнімдері түрінде шетелден Қазақстан аумағына кіргізіліп, есірткіге тәуелді ортада саудаланған.
Жалпы қолға түскен есірткі көлемі 16 тоннадан асты. Одан әрі жедел-тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!