{metadescription}
Доллардың ресми бағамы айтылды

Доллардың ресми бағамы айтылды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2, 53 теңгеге төмендеп, 1 доллар 463, 31 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 6 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 465, 93 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 464 теңге, сатып алу – 468 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы 464 теңгеден болса, сатып алу – 467 теңге.

Ресей рублі 6,27 – 6,37 теңге аралығында саудаланып жатыр.

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 6 қаңтар күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 6,53 теңге болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде