«Сені сүйетінімді есіңнен шығарма»: қайғылы қаңтарда көз жұмған Ален Асылхановты келіншегі еске алды
2022 жылғы қаңтар оқиғасы сөз болғанда, қала тұрғындарын жанқиярлықпен қорғаған жандарды еске аласың.
19:43 06.01.2023
28 жастағы полицияның аға сержанты Ален Асылханов 6 қаңтарға қараған түні Алмалы ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімінің ғимаратына жасалған шабуылды тойтарамын деп қаза тапты. Ол қару-жарақ арсеналын басып алмақ болған содырларға әріптестерімен бірге қарсы тұрды.
Ален өз әріптестерін құтқаруға бар жанын салды. Шабуыл жасағандармен батыл қарсыласып, содырларға қару-жарақ алуға мүмкіндік бермеді. Ал үйінде оны келіншегі мен екі жасар ұлы Даниал күтіп отырған еді. Жас жұбайы Ұлмекен күйеуімен соңғы рет телефон арқылы сөйлескенде Аленнің өз қызметіне адал және өз міндетінен бас тарта алмайтынын айтқанын есіне алады. Күйеуі келіншегіне қауіпсіз жерде болып және оны қалай жақсы көретінін ұмытпауды өтініпті.
5 қаңтарда көптеген қызметкер Алматы көшелерінде күшейтілген тәртіптке жұмыс істеді. Сондықтан террористердің шабуылын шағын күшпен тойтаруға тура келді. Кезекті шабуылдан кейін полицияның аға сержанты Асылханов жараланып, ота жасату үшін ауруханаға жеткізілді. Алайда ауыр жаралардан ажал құшты.
Батылдығы мен жанқиярлығы үшін Ален Асылханов қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!