{metadescription}
Өскеменде өртенген үйден 8 тұрғын құтқарылды

Өскеменде өртенген үйден 8 тұрғын құтқарылды

Өскемен қаласында өртенген үйден 8 тұрғын құтқарылып, 10 адам эвакуацияланды.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Назарбаев даңғылындағы пәтерде өрт шыққан.

«Оқиға орнына шұғыл келіп жатқан өрт сөндірушілер бірінші кезекте үйлерінен шыға алмай жатқан 8 тұрғынды, оның ішінде 3 баланы құтқарып, түтін басқан подъезден 10 адамды эвакуациялады. Барлау барысында пәтер ішінен 1980 жылғы үй иесінің ұлының денесі табылды», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, дер кезінде көмекке келген өрт сөндірушілер 1984 жылы туған адамды түтін басқан пәтерден алып шықты. Улану және термиялық күйік белгілері бар ол жедел жәрдем көлігімен қалалық ауруханаға жеткізілді.

Көп ұзамай жалпы ауданы 15 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Өрттің шығу себебі – төсекте мас күйде темекі шегуден болуы мүмкін.

Айта кетейік, жалынды сөндіруге барлығы 14 өрт сөндіруші мен 6 техника жұмылдырылған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде