2023 жылы жаңа халықаралық рейстер ашылады
Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда.
18:04 07.01.2023
Пандемияға дейінгі деңгейдегі ішкі тасымалдау көлемі толық қалпына келтірілді және асып түсті (57 бағыт бойынша аптасына 687 рейс).
Аптасына 477 рейс жиілігімен 108 бағыт бойынша 30 елге халықаралық рейстер қалпына келтірілді.
Олар: Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Грузия, Тәжікстан, Түркіменстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Германия, Египет, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Польша, Армения, Ұлыбритания, Мальдив аралдары, Таиланд, Әзірбайжан, Катар, Кувейт , Сауд Арабиясы , Моңғолия, Үндістан, Иран, Черногория, Италия, Қытай, Вьетнам, Сейшель аралдары.
2022 жылы 6 елмен (Түркіменстан, Египет, Ұлыбритания, Моңғолия, Иран, Қытай) халықаралық рейстер қалпына келтірілді, аптасына 25 рейс жиілігімен 10 бағыт бойынша 7 елге жаңа бағыттар ашылды: Италиямен Алматы – Милан «NEOS» әуе компаниясымен, Грециямен Алматы – Ираклион бағыты бойынша «Эйр Астана»әуе компаниясымен, Вьетнаммен Алматы – Нха Транг және Астана – Нха Транг бағыттары бойынша «Vietjet Air» әуе компаниясымен, Кувейтпен Түркістан – Кувейт бағыты бойынша «Jazeera Airways» әуе компаниясымен, Түркиямен Алматы – Анкара және Астана – Анкара бағытында «AnadoluJet» және Алматы – Анкара «Pegasus Airlines» әуе компаниясымен, Алматы – Маэ бағыты бойынша «Air Seychelles» әуе компаниясымен және Ресейдің қалаларына Алматыдан Сургутқа, Тюменьге, Астанадан Санкт-Петербургке рейстер «SCAT» әуе компаниясымен, Алматыдан Ашхабадқа «Түркіменхавайолдары» әуе компаниясымен қалпына келтірді.
Сондай-ақ, «ашық аспан» режимі 2027 жылғы 26 желтоқсанға дейін (5 жылдық мерзімге) ұзартылды.
2023 жылғы көктемгі-жазғы навигация кезеңінде Астанадан Дохаға, Ақтау мен Шымкенттен Анкараға, Алматы мен Ақтаудан Мединаға, Астанадан Бакуге және Шымкенттен Душанбеге рейстер ашылады деп күтілуде, Астана, Алматы, Ақтау, Түркістан және Атыраудан Ыстамбұлға, Астана мен Алматыдан Антальяға, Алматыдан Бакуге, Тбилисиге, Пхукетке және Малеге рейстерді ұлғайту жоспарлануда, Пәкістанға Алматыдан Карачи мен Лахорға рейстер ашу, Үндістанға Алматы - Дели бағыты бойынша, Қытайға Алматы – Чэнду бағыты бойынша, Ұлыбританияға Алматы – Лондон, Алматыдан Бодрум, Батуми Ираклион, Подгорица және Астанадан Тбилиси мен Подгорицаға бағыттары бойынша орындалатын рейстер санын ұлғайту жоспарлануда, Астана – Бішкек, Ақтау – Ереван, Алматы – Самарқанд, Шымкент – Кутаиси бағыттары бойынша рейстер қайта басталады деп күтілуде.
Малайзиялық лоукост «Air Asia X» әуе компаниясы 2023 жылдың көктемгі-жазғы навигациясынан бастап Куала-Лумпурдан Алматыға, «Thai Air Asia» әуе компаниясы Бангкоктан Алматыға рейстерді ашуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, «Air Asia Aviation Group» компаниясының тобы Алматы мен Астанаға рейстерді орындау кезінде «ауа еркіндігінің» бесінші дәрежесімен Мәскеу (Ресей), Ыстамбұл (Түркия), Париж (Франция), Лондон (Ұлыбритания) және Франкфурт (Германия) қалаларына одан әрі ұшулар мәселесін қарастыруда.
«Qeshm Air» әуекомпаниясы «ауа еркіндігінің» 5-ші дәрежесін пайдалана отырып, Алматы – Токио бағыты бойынша рейстерді ашуды жоспарлап отыр.
Сондай – ақ, «Эйр Астана» әуекомпаниясы орта мерзімді перспективада Алматы-Тель-Авив бағыты бойынша Израильге аптасына 2 тұрақты рейсті орындау мәселесін пысықтауда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!