Алматы облысында ірі есірткі зертханасынан 30 келі мефедрон табылды
Алматы облысында ІІМ мен ҰҚК бірлескен арнайы операциясы барысында ірі есірткі зертханасы жойылды.
Фото: polisia.kz
08:32 09.01.2023
Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген бірлескен іс-шаралар барысында Алматы облысында орналасқан жасырын есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды. 7 қаңтарда ІІМ және ҰҚК күшімен ауқымды синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойған күдікті ұсталды.
Анықталған есірткі зертханасын тінту барысында 30 кг «мефедрон» психотроптық заты және есірткі өндіруге арналған бір тоннадан астам химиялық реактив табылып, тәркіленді.
Арнайы операция сәтті жүзеге асу үшін прокуратура органдарының келісімі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Қазіргі уақытта синтетикалық есірткі өндірісіне қажетті жабдықтарды жеткізу арнасы және басқа да сыбайластарды анықтайтын тергеу шаралары жүріп жатыр.
Аталмыш факт бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!