{metadescription}
Қызылордада айдалада балшыққа батып қалған жүргізуші құтқарылды

Қызылордада айдалада балшыққа батып қалған жүргізуші құтқарылды

Қызылордада айдалада балшыққа батып қалған жүргізуші құтқарылды.

8 қаңтарда сағат 13.59 минут өткенде облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Дағдарыс жағдайында басқару басқармасына ақпарат түсті. Онда Қызылорда-Жезқазған автожолының 40-шақырымында «ГАЗель» маркалы автгкөлік балшыққа батып қалғаны айтылған.

«Оқиға орнына департаменттен 3 қызметкер 1 техникамен барды. Сағат 18.30-да департамент мамандары күшімен балшықта қалып қойған көлік Досан ауылына дейін жеткізілді. Салонда болған 1988 жылғы жүргізуші одан әрі жолын жалғастырды», - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада екі күн бұрын жоғалған ер адам табылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде