Әділет вице-министрі Алмат Мадалиев қызметінен босатылды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Алмат Құрманғазыұлы Мадалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Әділет вице-министрі қызметінен босатылды.
Фото: gov.kz
10:24 09.01.2023
Алмат Құрманғазыұлы Мадалиев 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Джордж Вашингтон Университеті жанындағы Заң мектебін (АҚШ) тәмамдаған. Еңбек жолын 2004 жылы «Жастар таңдауы» ҚҚ заңгер болып бастаған.
2009-2010 жылдары республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2010 жылғы қазан айынан бастап ҚР Әділет министрлігінің құрылымында жұмыс істеді. 2019 жылдың наурыз айынан бастап – ҚР Әділет вице-министрі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!