Астана мен тағы бірқатар өңірде екінші ауысым оқушылары онлайн оқиды
Бүгін Қазақстанның үш өңірінде екінші ауысым оқушылары сабақты қашықтан оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: Ашық дереккөзден
11:49 09.01.2023
9 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана қаласында екінші ауысымның 0-11(12) сынып оқушылары, колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Сондай-ақ Абай облысының Семей қаласында, Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында да екінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары мен колледждің 1,2 курс студенттері үйден білім алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!