Түркістан облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті
Түркістан облысы Манкент стансасында жүк тасымалдаушы пойыз жолдан шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: pixabay.com
14:13 09.01.2023
«8 қаңтар сағат 19:50-де «Шымкент-Арыс» учаскесінің Манкент стансасында жүк пойызы вагондары рельстен шығып кетті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Сонымен қатар аталған оқыс оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер етпеді», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ұлттық компания келеңсіздікті жою үшін Шымкент, Арыс стансасынан қосымша пойыздар жөнелтілгенін хабарлады. Оқиғаның себеп-салдарын «Қазақстан темір жолы» АҚ жанынан арнайы құрылған комиссия анықтайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!