Алматы базарындағы өрт сөндірілді
Алматыдағы «Арлан» базарынан шыққан өрт сөндірілді.
Фото: Алматы қалалық ТЖД
20:14 09.01.2023
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнында жеке құрамның 60-тан астам қызметкері, 16 техникасы мен қаланың өзара іс-қимылының бүкіл күш-құралдары жұмылдырылды.
«Өрт сөндіру жұмыстарына контейнерлердің тығыз орналасуы кедергі тудырды. Контейнерлерді ашу үшін арнайы апаттық-құтқару құралдары қолданылды. Қабылданған жедел шаралардың арқасында күрделі өрттің таралуы 18:40-та тоқтатылып, 18.54-те толық жойылды», - деді Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, Алматының «Арлан» базары бүгін кешке қарай отқа оранғанын хабарлаған болатынбыз.
«Оқиға орнында жедел штаб құрылып. Өртті сөндіруге, сондай-ақ жапсарлас контейнерлерді қорғауға өрт оқпандары енгізіліп, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді»,- делінген еді ведомстводан.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!