{metadescription}

Бүгін Қазақстанның 12 өңірінде оқушылар сабақты үйден оқиды

10 қаңтар күні Астана мен бірнеше өңірде мектеп оқушылары ауа райына байланысты онлайн оқуға көшіріледі.

Астана қаласында бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары, колледждердің 1 және 2-курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Ақтөбе облысында 10-11 қаңтарда 0-11 сынып оқушылары онлайн оқиды.

Абай облысының Семей қаласында бейсенбі күні бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің барлық курс студенттері үшін сабақ қашықтан өткізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында 0-11 сыныптар, Күршім ауданында 0-9 сыныптар, Ақмола облысының Көкшетау қаласында және Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мектепке бармайды.

Ұлытау облысында бірінші ауысымдағы 0-4 сыныптар, сондай-ақ Қарағанды қаласында 0-9 сынып оқушылары үйден білім алады.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Атырау облыстарында да 0-11 сынып оқушылары сабаққа бармайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде