Қазгидромет: Еліміздің кей өңірлерінде 40 градусқа дейін аяз болады
Қазақстан Республикасы аумағының басым бөлігіне Арктикалық антициклон әсер етіп, аяз болады.
Фото: artfile.me
08:24 10.01.2023
Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен қар жауады, облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарда кейде қалың қар жауып, жел күшейеді, боран, тұман, көктайғақ болады.
Түнде Маңғыстау облысында - 25 градус аяз болады, Атырау облысында - 30 градус, Ақтөбе облысында - 35-39 градус, Қостанай облысының шығысында - 40 градус-қа дейін жетеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!