{metadescription}

Қақпашы Уго Льорис Франция құрамасындағы мансабын аяқтады

Қақпашы Уго Льорис Франция құрамасындағы мансабын аяқтады.

Сhampionat.comсайтынан алынған мәліметке қарағанда, Франция құрамасының капитаны әрі қақпашысы, 36 жастағы У.Льорис бұл туралы L'Equipe басылымында мәлімдеді.

«Мен өз биігімде қалуды жөн көрдім. Наурыз айындағы келесі халықаралық маусымға дейін құрамадағы әріптестерім мен бапкерлерімді құрметтегендіктен, шешімімді қазір айтып отырмын. Енді Мик Меньян Франция құрамасының нөмір бірінші қақпашысы болуы тиіс», - делінген мәлімдемеде.

Франция құрамасы сапында Льорис 145 матч өткізді, бұл –рекордтық көрсеткіш. Ал капитан ретінде командасын 121 ойында бастап шықты, бұл да бірегей жетістік болып есептеледі.

Франция құрамасымен бірге У.Льорис 2018 жылғы әлем чемпионатының, 2021 жылғы Ұлттар лигасының жеңімпазы атанды. Ал Қатарда өткен соңғы дүниежүзілік додада күміс жүлдеге ие болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дидье Дешамның Франция құрамасын 2026 жылға дейін жаттықтыратынын жазған едік.

Сондай-ақ Франция футбол федерациясы президентінің Зинедин Зиданға қатысты сөзінен дау шықты.

Футболдан Португалия құрамасының бас бапкері тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде