Астана мен бірқатар өңірде екінші ауысымда оқитын балалар мектепке бармайды
Бүгін бірқатар өңірде екінші ауысым оқушылары сабақты онлайн өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: Akchabar.kg сайтынан алынды
12:16 10.01.2023
Атырау және Ақтөбе облыстарында 10-11 қаңтар - екі күн бойы оқушылардың үйде қалатынын бұған дейін жазған болатынбыз.
Одан бөлек, бүгін Астана қаласында екінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Сонымен қатар Абай облысының Семей қаласында және Ақмола облысының орталығы Көкшетауда 10 қаңтар күні екінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары және колледждердің барлық курс студенттері онлайн оқиды.
Ұлытау облысы және Павлодар қаласында да 0-9 сынып оқушылары мектепке бармайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!