{metadescription}

Өткен жылы Астанада қос азаматтығы бар 43 адам жазаланды

Былтыр өзге елдердің азаматтығын қабылдаса да, Қазақстан азаматтығынан шықпаған 43 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл туралы елордадағы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы басшысының орынбасары Анар Жомартова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қос азаматтыққа қарсы тиісті шаралар қабылданды. Өзге елдердің азаматтығын қабылдаса да, Қазақстан азаматтығынан шықпаған 753 адам анықталды. Оның 43-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді А. Жомартова 2022 жылы көші-қон саласында атқарылған жұмысқа қатысты өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол былтыр Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға өтініш тапсырған 1 мың 956 шетел азаматы тіркелгенін айтты.

«Қазіргі кезде елордада тұрақты тұратын шетел азаматтарының саны 14 мыңға жақында. Оның 6 мыңы этникалық қазақ. Сонымен қатар, қалада 361 азаматтығы жоқ адам тұрып жатыр», - деді Анар Жомартова.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде