Елорда әуежайында ауа райына байланысты 19 рейс кешігіп жатыр
Елорданың Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр, дегенмен, кейбір рейстер кешігіп жатыр.
15:41 10.01.2023
Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазіргі кезде ұшып келуі тиіс 13 рейс, ұшып кететін – 6 рейс кешігіп жатыр.
Рейстердің кешігуіне ауа райы жағдайы мен осыған байланысты әуе кемелерінің кеш ұшуы себеп болған.
Әуежайда, соның ішінде ұшып-қону жолағында қар тазалау жұмысы үздіксіз жүріп жатыр.
Жолаушылар соңғы ақпаратты call-орталықтардан, сондай-ақ анықтама бөлімдерінен ала алады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!