{metadescription}
Қостанайда құбыр жарылып, бірнеше көпқабатты тұрғын үй сусыз қалды

Қостанайда құбыр жарылып, бірнеше көпқабатты тұрғын үй сусыз қалды

Қостанай қаласындағы Тәуелсіздік көшесі бойында тозған құбыр жарылып, 4 көпқабатты тұрғын үй мен Халыққа қызмет көрсету орталығы сусыз қалды.

Бұл туралы «Қостанай-Су» қалалық коммуналдық кәсіпорнының баспасөз қызметі хабарлайды.

«Тәуелсіздік көшесі 105 мекенжайы маңында тозған құбырдың жарылуы туралы хабарлама 10 желтоқсан күні сағат 11:00-де түсті. Жөндеу жұмыстарына арнайы бригада қызметкерлері мен 3 техника жұмылдырылды. Осыған байланысты Тәуелсіздік көшесіндегі №105, 107 көпқабатты үйлер мен Халыққа қызмет көрсету орталығы және Козыбаев көшесіндегі № 96, 98 үйлер судан ажыратылды», - деп мәлім етті «Қостанай-Су» коммуналдық кәсіпорнының баспасөз қызметінен.

Мәлім болғандай, құбырды қалпына келтіру жұмыстарын бүгін аяқтау жоспарланған. Бұл аралықта тұрғын үйлерге арнайы техникамен су жеткізіледі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.