Дәрігер Шумковты өлтірген күдікті 20 жылға сотталуы мүмкін
Алматыда гастроэнтеролог Юрий Шумковты атып өлтіру ісі бойынша сот отырысы аяқталуға жақын.
Фото: instagram/gastro.kz
17:26 10.01.2023
Бүгінгі отырыста прокурор 35 жастағы Т.-ны бірнеше бап бойынша кінәлі деп танып, оны 20 жылға бас бостандығынан айыруды және жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуін тағайындауды сұрады.
Сонымен қатар мемлекеттік айыптаушы сотталушыны марқұмның отбасына материалдық және моральдық шығынды өтеуге міндеттеу қажет деп есептейді.
Өз кезегінде сотталушы кісі өлтіргенін мойындады.
Еске салайық, 2022 жылдың 4 сәуірі күні Алматыда пациент Т. дәрігер Ю.Шумковты аңшы мылтығынан атып өлтірген болатын. Аса ауыр қылмыс қаланың Бостандық ауданында болды. Күдіктіні полицейлер Алатау ауданы аумағында ұстады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!