Жаркентте үш айлық сәби пышақталып, көз жұмды
2023 жылдың 10 қаңтарында Жетісу облысының Жаркент қаласында қайғылы оқиға орын алып, үш айлық қыз бала пышақталды.
Фото: freeimages.com
19:24 10.01.2023
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Жаркентте жаңа туған балаға пышақ жарақатын келтіру фактісі бойынша ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігі ("Жас тұлғаны өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Қылмыстық істі облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды", - Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі.
Ведомство атап өткендей, өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жария етуге жатпайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!